Футболдан Қазақстан Чемпионаты тоқтатылды

889

Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.  

Футболдан Қазақстан Чемпионаты тоқтатылды

Футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік Комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.

Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу