Футболдан Қазақстан командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

1353

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.

Футболдан Қазақстан командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан Жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды.

Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов басқарады. Бұған дейін ол "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметін атқарған. Өткен жылы U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу