Футболдан Қазақстан кубогінің жеребесі тартылды

855

Қазақстан кубогінің алғашқы кезеңі 19-27 наурыз күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өткізіледі. 

Футболдан Қазақстан кубогінің жеребесі тартылды

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, алғашқы іріктеу кезеңіне бірінші лиганың сегіз клубы, екінші лиганың төрт командасы және "Игілік" (Қаратау, Жамбыл облысы), Дидар Сыдықбек футбол орталығы (Астана) сынды екі әуесқой ұжым қатысады.

Жеребе нәтижесі бойынша А тобына "Алтай" (Шығыс Қазақстан облысы), "Екібастұз" (Екібастұз, Павлодар облысы), "Қызыл-Жар СК" (Петропавл), "Рузаевка" (Рузаевка, Солтүстік Қазақстан облысы) командалары түсті. Ал В тобында "Арыс" (Арыс, Түркістан облысы), СДЮСШОР №8 (Астана), "Академия Оңтүстік" (Шымкент), "Дидар Сыдықбек" футбол орталығы (Астана) бақ сынайды. Ал С тобында "Қыран" (Шымкент), "Игілік" (Қаратау, Жамбыл облысы), "Ақсу" (Ақсу, Павлодар облысы), Д тобында "Ақжайық" (Орал), "Каспий" (Ақтау) және "Мақтарал" (Мақтарал ауданы, Түркістан облысы) командалары ойнайды.

Қазақстан кубогінің алғашқы кезеңі 19-27 наурыз күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өткізіледі. Әр топтан үздік шыққан командалар жарыстың 1/8 финалдық сатысына жолдама алады. Бұл кезеңде олармен бірге Премьер-лига командалары да бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу