Футболдан Қазақстан кубогының финалдық матчы елордадағы "Астана-Арена" стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осыған дейін Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді деп жоспарланған ойын Астанаға ауыстырылмақ. Себебі, Шымкенттегі жасыл алаң Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының талаптарына сай келмейді.
Қазірше ҚКФЛ осы мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен "Ордабасы" футбол клубының қызметкерлері аренаны матчқа дайындауға уақыт жеткіліксіз деп отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан кубогын "Қайрат" және "Атырау" командалары сарапқа салады. Матч 24 қарашада өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу