Қар араласқан жаңбыр астында өткен алғашқы жаттығуда команда екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы футболшылар толық жаттығу жүргізсе, Премьер-лиганың үшінші турына қатысқан ойыншылар екінші топта арнайы дайындалды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 24 наурыз күні Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 29 наурыз күні Шотландия жастарымен тартысқа түседі.
Жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов оқу-жаттығу жиынының жоспарымен бөлісіп, ойыншылардың дене даярлығы мен дайындығына тоқталып өтті. Ал команданың жартылай қорғаушылары Еркебұлан Сейдахмет пен Станислав Басманов алдағы кездесулер туралы ойларын ортаға салды.
Айта кетерлігі, аталған оқу-жаттығу жиыны 10 күнге созылады.