Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының үшінші турында елордада Испаниямен кездесті, деп жазды Kazinform.
Қазақстандық жастар В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Испания, Венгрия, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.
Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беруге тырысты. Испаниялық жастардың шабуылына тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығуға көңіл бөлді.
Ойынның 11-минутында испаниялық Фермин Лопес Мартин есеп ашып кетті. Бірінші кезеңде бұдан кейін гол соғылған жоқ.
Екінші кезеңде испаниялық клубтан Диего Лопес - 54, Фран Перес - 56, Саму Омородион 90-минутта мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, ел жастары бұдан бұрын екі ойын өткізіп, Венгрияға - 0:2, Бельгияға 0:1 есебімен жол берген еді.
Енді отандық құрама алдағы ойынын 16 қарашада сырт алаңда Мальтаға қарсы өткізеді.