banner

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының Бельгияға қарсы құрамы жарияланды

1065

Футболдан Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Ақтөбеде өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болатын Бельгия командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.     

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының Бельгияға қарсы құрамы жарияланды

Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Ақтөбеде басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 24.

Қақпашылар: Данил Устименко ("Қайрат"), Вадим Петров ("Қызыл-Жар"), Евгений Ситдиков ("Ақтөбе");

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов (екеуі де – "Ақтөбе"), Александр Широбоков ("Қайрат"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де – "Астана"), Жалғас Жақсылықов ("Тараз"), Тайыр Нұрсейітов ("Шахтер");

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев ("Астана"), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов (екеуі де – "Қайрат"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Арман Кеңесов ("Қайсар"), Дінмұхамед Қараман ("Тараз"), Максим Ваганов ("Мақтаарал"), Вячеслав Швырев ("Ақжайық"), Максим Самородов ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Мирас Тұрлыбек ("Ақсу").

Қосалқы құрам: Максим Скорых ("Қызыл-Жар"), Еркебұлан Сейдахмет, Арсен Буранчиев (екеуі де – "Қайрат"), Әлияр Мұхамед ("Тұран"), Владислав Прокопенко ("Астана").

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Павел Лаптев – бейнеоператор;

Еске сала кетейік, 4 маусымда Қазақстан жастар құрамасы Бельгия командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен сағат 19:00-де.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу