Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қақпашы Данил Устименко мен шабуылшы Акмаль Бақтияров жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің келесі матчтарына көмектесе алмайды.
Қақпашы Данил Устименко УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін ұлттық құрамаға шақырылды.
Ал, Ақмаль Бақтияров жарақатына байланысты жиынға келе алмады.
Олардың орнына қызылордалық "Байқоңырдың" қақпашы Константин Пузанов пен "Арыс" командасының қорғаушысы Сағи Совет шақырылды.
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде аясында 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.
Ал, 8 қыркүйекте Алмас Құлшынбаевтың командасы сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.