Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде кезекті кездесуін сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz.
Бірінші таймда Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Амира Спахич өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Екатерина Бабшук алыстан бағыттаған тура соққысымен есепті еселеді.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 30 тамыз күні сырт алаңда Ресей құрамасымен өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу