Футболдан көлік және логистика саласы қызметкерлері арасында турнир өтті

559

Елордада көлік және логистика саласы қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. 

Футболдан көлік және логистика саласы қызметкерлері арасында турнир өтті

Ала доп аламанында 16 команда шеберлік сынасып, өзара мықтыны анықтады. Биыл алғаш ұйымдастырылған доп додасы 2 күнге созылды. Жарыстың бірінші күнінде топтық кезеңнің ойындары өтті. 

"РТС НОLDING" командасы турнирдің топтық кезеңінде үздік ойын өрнегін көрсетті. 3 ойынның екеуінде айқын басымдық танытып, қарсыластар қақпасын сан мәрте дәл көздеді. 

Топтық сындағы үшінші кездесуде турнирдің болашақ чемпиондарына 1 доп айырмасымен ғана есе жіберді. Ұжымның іріктеуден іркілмей өтуіне Әнуар Сәуірбаевтың үлесі мол. Команданың көшбасшысы ширек финалдық ойында да шеберлігімен көзге түсті.

"Алайда дайындықтың аздығы команданың жартылай финалда өнер көрсетуіне кедергі болды", - дейді шабуылшы.

"Бізде өз құрамымызбен алғаш рет қатысып отырмыз. Барлығы компанияның қызметкерлері. Өздеріміз ойнап, қатысып. Тартысты ойындар болды. Ширек финалда тартысты ойын болды. Өкінішке орай ұтылып қалдық Енді келесі жылы жақсы команда жинап, қайта келеміз", деді "РТС НОLDING" командасының капитаны Әнуар Сәуірбав.

РТС ұжымы алдағы турнирлерге тас-түйін дайын келеміз деп отыр. Жасақталғанына 1 жылдан енді асқан жас команда шеберлігін қалалық турнирлерде шыңдауға ниетті.  

Айта кетейік, бұл команда Астана қаласының ішкі біріншілігінде ойнаған алғашқы маусымында үздік үштіктен көрінген. Жалпы биылғы көлік қызметкерлері арасындағы дода дәстүрлі турнирге айналмақ. Ұйымдастырушылар одан бөлек сала мамандары арасында спартакиада өткізуді де жоспарлауда.

"Қызметкерлердің арасында кәсіби спортшылар жоқ. Барлығы салауатты өмір салтын ұстанып, футболды серік еткен көлік саласының қызметкерлері. Бірақ бүгінгі ойын олардың деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мен әуесқойлар үшін бұл өте жақсы көрсеткіш деп бағалаймын. Алдағы уақытта біз көлік-логистикалық ұйымдар арасында спартакиада өткізуді жоспарлап отырмыз. Футбол мен волейбол, мүмкін арқан тартуды да қосамыз", деді "Kazlogistics" Қазақстан көлік қызметкерлері одағының Бас директоры Ерлан Әбсатов.

Турнир қорытындысында "Қазлогистик" кубогын Қазавтожол командасы жеңіп алды. Осылайша көлік саласы қызметкерлері арасындағы алғашқы турнирдің чемпионы атанды. Доп додасында үздік ойыншы, қақпашы және қорғаушылар да жекелей марапатқа ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу