Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы таныстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық жасөспірімдерді жаңа іріктеу кезеңінде Александр Кузнецов жаттықтыратын болды. Ол "Райымбек" және "Сәулет" футбол клубтарында ойнаған болатын.
Сонымен қатар, 16, 17 және 19 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырды. Бапкер клуб деңгейінде әртүрлі командаларды дайындады. Олардың арасында Португалияның "Academy Bsports" командасы, алматылық "Еңбек", "Қайрат" және "Цесна" футбол академиялары мен резерв командалары бар.
Бапкердің ең жарқын табыстарының ішінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен бірге Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің күміс жүлдесі, сонымен қатар Қазақстан Президенті Кубогының екі дүркін иегері, КСРО спорт шебері Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир мен УЕФА "Даму" Кубогында топ жарды.