Бешикташ командасының баспасөз қызметі 19 ақпан күні Twitter-де жазба жариялап, түрік футболшысының командадан шыққан ресми мәлімдеді.
Аяқ доп шебері Әмірхан Делибаштың танысу сайтында аккаутын көрген жанкүйерлері оның бұл әрекетін қызу талқыға салған. Жанкүйерлер ойыншының футбол туралы ойлаудың орнына, қыздарды іздеумен айналысқанына көңілі толмады.
Алайда футболшы бұл наразылықтан кейін клубынан кетті. Бұған қоса ол верификациясы бар ресми белгісіне қарамастан, жарияланған жазба оған тиесілі емес екенін айтып сендірді. Бешикташ мұндай қадамға тек жанкүйер наразылығына байланысты туындамағанын, сонымен қатар оның 24-тегі жалған жасын жасырғанын атап өтті.
Айта кетейік, 21 жастағы Әмірхан Делибаш клуб академиясының тәрбиеленушісі, ал 2022/2023 маусымын Газиатепспорда өткізді. Делибаш 10 жыл ішінде Бешикташ құрылымында екі жекпе-жекте 14 минут қана ойнады.