banner

Футзалдан әлем чемпионаты 2021 жылға шегерілді

824

Әлем чемпионатына 24 команданың 13-і жолдама алып үлгерді. Оның ішінде, Қазақстан құрамасы да бар.  

Футзалдан әлем чемпионаты 2021 жылға шегерілді

ФИФА футзалдан әлем чемпионатын 2021 жылға ауыстырды. Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Алғашында чемпионат 2020 жылға жоспарланған болатын деп жазады Olympic.kz. 

Қазіргі әлем чемпионы атағы 2016 жылы топ жарған Аргентинаға тиесілі.

Әлем чемпионатына 24 команданың 13-і жолдама алып үлгерді. Оның ішінде, Қазақстан құрамасы да бар. 

Коронавирус індетінің етек жаюына байланысты Азия чемпионаты кейінге қалдырылды. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы элиталық раундтың іріктеу турнирінде алты ұпаймен D тобында көш бастады. Қазақстанмен бірге Чехия, Румыния, Словения сынға түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу