Футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық телеарнадан көрсетіледі

406

Ойындар "Qazsport" телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық телеарнадан көрсетіледі Фото: facebook.com/kazfutsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойындары қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады. Ойындар "Qazsport" телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған сында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Атап айтқанда, Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор өнер көрсетеді. 

Құрамалардың топтарға бөлінісі төмендегідей:

А тобы: Өзбекстан, Нидерланд, Парагвай, Коста-Рика

В тобы: Бразилия, Куба, Хорватия, Таиланд

С тобы: Аргентина, Украина, Ауғанстан, Ангола.

D тобы: Испания, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Ливия.

Е тобы: Португалия, Тәжікстан, Марокко, Панама.

F тобы: Иран, Венесуэла, Франция, Гватемала.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу