Футзалдан ЕУРО-2022 турниріндегі Қазақстан ойыны кейінге шегерілді

652

Ойын 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтуге тиіс еді. 

Футзалдан ЕУРО-2022 турниріндегі Қазақстан ойыны кейінге шегерілді

ЕУРО-2022 турниріндегі Израиль-Қазақстан ойыны кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының 5-тобындағы іріктеу кезеңінің ойыны Израильде 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстерді жабылуына байланысты кейінге қалдырылды", – деп жазылған федерация таратқан хабарламада.  

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейін белгілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу