Футзалдан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Коронавирус індетінің өршуіне байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің хатын негізге ала отырып, Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан чемпионатын 2020 жылдың 1 тамызынан бастауды құп көрді", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Айта кетерлігі, бұған дейін маусымды жаңарту 3 шілдеге жоспарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу