"Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы" номинациясында алматылық "Қайраттың" ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов топ жарды. Ойыншы 9 дауыс жинады.
"Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы" номинациясында алматылық "Қайраттың" капитаны Игитаға тең келер ешкім болмады. Игитаны үздік деп танығандар саны - 13.
"Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік сұрмергені" атағын алматылық "Қайраттың" ойыншысы Эдсон иеленді. Бразилиялық шабуылшы 39 гол соғып, үздік шықты.