Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді

1162

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2017 жылғы әлемдік рейтингті 9-орынмен түйіндеді. Өткен жылдың желтоқсан айында да осы орыннан көрінген еді, деп хабарлайды vesti.kz.
FutsalWorldRanking.be порталы бүгін жаңарған рейтингті жариялады. 1488 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы 9-орынға орналасқан.
2017 жылы қазақстандық футзалшылар 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуде топтан бірінші орынмен шықты. Сондай-ақ Тайланд пен Ирандағы халықаралық турнирлерге қатысты. 11 ойын өткізіп, 6 рет жеңіске жетті. 3 ойында тең ойнап, 2 кездесуде қарсыластарына есе жіберді.
Әлемдік рейтингтің алғашқы ондығында көп өзгерістер орын алмаған. Тек Иран мен Италия құрамалары орын алмасқан.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады. Какау жаттықтыратын қазақстандық футзалшылар топта Ресей және Польша құрамаларымен ойнайды. Топтан екі команда шығады.
Айта кетейік, футзалдан ФИФА-ның ресми рейтингі жоқ. Негізгі рейтинг ретінде FutsalWorldRanking.be нәтижесі басты назарға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу