Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты

664

Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата ұтты. "Алматы Аренада" өткен ойында отандастарымыз қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды vesti.kz.

Ойында Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин, Дуглас пен Дінмұхамед Сүлейменов бір-бір голдан соқты. Ал дат ойыншылары бірде-бір гол соға алған жоқ.

Топтағы шешуші ойында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі. Қос құрамада да 6 ұпайдан бар. Чехтер кеше даттарды жеңсе, Қазақстан құрамасы Македониядан басым түскен болатын.

Топта бірінші орын алған команда 2018 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады. Екінші орын алған құрама қосымша жолдамаға таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу