Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді

772

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясынының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді

Финляндияның Янаккала қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Семен Палагутин жаттықтыратын Қазақстан жасөпірімдер құрамасы төртінші топтың екінші ойынында Финляндиямен кездесті. Ойынды өте қарқынды бастаған алаң иелері алғашқы таймда алты гол соқты. Үзілістен соң біздің құрамадан Лев Ким көзге түсті. Алайда, ойынның аяқталуына Финляндия құрамасының ойыншысы Ааро Пааппанен кездесуге нүкте қойды – 7:1. 

Екінші ойын қатарынан жеңіліс тапқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынды 18 наурыз күні Босния және Герцеговина құрамасымен өткізеді. 

Футзалдан Еуро-2022 чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 4-топ. 

Финляндия U-19 – Қазақстан U-19 – 7:1 (6:0)

Голдар: Кайккола 7, 17,  Бауыржанұлы 9 (автогол), Кайвола 9, Ниемеля 17, Пекки 19, Пааппанен 38 – Ким 29;

Ескерту: Портимо 19, Ниемеля 25, Асумалахти 29, Ахмади 34 – Булдин 20, Сарқыт 26; 

Алаңнан қуылған ойыншы: Булдин 39

Финляндия U-19: Ниеминен, Портимо – Ахмади, Ниемеля, Кайвола, Кайккола, Сеппяля, Кохонен, Пекки, Леснянин, Пааппанен, Асумалахти ;

Қазақстан U-19: Голубничий, Ипмағамбетов – Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов, Сарқыт, Кәрменов, Ким, Бауыржанұлы, Бадан, Қазбеков;

Төрешілер: Чупля (Уэльс), Рабренович (Сербия);

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу