Футзалдан УЕФА кубогына Қазақстаннан екі команда қатысады

722

Футзалдан УЕФА кубогына Қазақстаннан екі команда қатысады

Футзалдан 2018/19 маусымдағы УЕФА кубогына Қазақстаннан екі команда қатысады. Бұл туралы "Қайрат" командасының бас жаттықтырушысы Какау айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

"Қазақстан футзалы жанкүйерлерін құттықтаймын. 2018 жылғы Еуропа чемпионатында үздік төрттікке енгеннің арқасында, 2018/19 маусымда Қазақстаннан УЕФА кубогына екі команда қатысады", – деп жазды Какау Instagram парақшасына.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатында төртінші орын алды. Жартылай финалда Испания құрамасына пенальти нәтижесінде ғана есе жіберіп алған болатын. Какау осы маусым аяқталысымен, Қазақстандағы қызметін аяқтайды. "Қайратта" оның орнына бас жаттықтырушы болып бразилиялық маман Кака келеді. Ал ұлттық құраманы алда кім жаттықтыратыны белгісіз. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңарған рейтингінде 8-орыннан 4-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу