G20 елдері жасыл энергетикаға қатысты ортақ шешімге келді

402

"Үлкен жиырмалық" жаңартылатын энергия көздерін дамытуға келісті, бірақ шығарындыларды түбегейлі азайтуға уәде бермейді.

G20 елдері жасыл энергетикаға қатысты ортақ шешімге келді Фото: газета.ру

G20 елдері жаңартылатын көздерден энергия өндіруді ұлғайтуды қолдауға уәде береді. Алайда, олар кейбір клуб мүшелері ұсынғандай түбегейлі энергияның дәстүрлі түрлерінен бас тартуға келіспеді, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Құжатта 2030 жылға қарай жаңа көздерден алынатын энергия көлемін үш есеге арттыруға ұмтылу туралы айтылады. 

Экоактивистердің өтініштеріне қарамастан, қазба отындарынан бас тарту мәселесі декларацияда қаралмаған.

"Зияны бәрінен де аз биоотынға инвестиция салу өте маңызды. Біз әуелетті отын түрлері туралы айтып отырмыз – шығарындыларды айтарлықтай арттыратын дақылдарға негізделген биоотын емес, екінші буынды озық биоотын", — деді Халықаралық таза көлік кеңесінің зерттеушісі Джейн О'Мэлли .

Үндістан жаһандық жылынуға қарсы күрес пен экологияны қорғауды "Үлкен жиырмалықтың" төрағасы ретіндегі басымдықтарының бірі деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу