G20 саммиті аясында Джо Байден мен Си Цзиньпин кездеседі

531

Байден президент болғалы бері Қытай басшысымен алғаш рет жеке кездеспек.  

G20 саммиті аясында Джо Байден мен Си Цзиньпин кездеседі Фото: AP

Ақ үй бейсенбіде президент Джо Байденнің 2022 жылдың 14 қарашасында Индонезияның Бали аралында өтетін G20 саммиті алаңында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Америка дауысы" сайтына сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, Байден мен Си екі ел арасындағы байланыс желілерін сақтау мен тереңдету жолында бірлесіп жұмыс істеу шараларын қарастырады. АҚШ пен Қытай көшбасшылары бірқатар аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылайды.

Әкімшіліктің аға өкілінің айтуынша, Байден Қытаймен қарым-қатынастың іргетасын салуға дайын, бірақ туындаған мәселелерді, әсіресе, Тайвань мен адам құқықтарын ашық талқылаудан бас тартпайды.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен Солтүстік Корея да талқыға салынбақ. Ақ үй кездесу нәтижесінде бір келісімге келуге қатты үміттеніп отырған жоқ, Джо Байден тек екі ел арасындағы қатынастың негізін қалауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу