G20: Си Цзиньпин біржақты санкцияларға қарсы мәлімдеме жасады

534

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан G20 саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бірқатар мәлімдеме жасап, біржақты санкцияларды алып тастау мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz Global Times басылымына сілтеме жасап.  

G20: Си Цзиньпин біржақты санкцияларға қарсы мәлімдеме жасады Фото: AP

"Әлем азық-түлік пен энергетика мәселелерін саясаттандыру әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы тұруы керек", - деп атап өтті ҚХР Төрағасы.

Си Цзиньпин қазіргі дағдарыстың негізгі себебі - жеткізілім тізбегі мен халықаралық ынтымақтастықтың бұзылуы деп санайды.

"Бұл жағдайдан шығу үшін барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқа да көпжақты халықаралық ұйымдармен үйлестіру кезінде нарықты қадағалау және реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту керек", деп санайды ҚХР Төрағасы.

Сөз сөйлеу барысында ол біржақты санкцияларды алып тастау мәселесін көтеріп, елдер арасында техникалық ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынды.

Айта кетейік, бүгін Индонезияның Бали аралында G20 саммиті басталды. Күні кеше Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен бірқатар кездесу өткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу