G7 елдері кедей мемлекеттерге вакцина таратады

1141

Бұл бастама індетті 2022 жылы еңсеруге зор септігін тигізбек.

G7 елдері кедей мемлекеттерге вакцина таратады Фото: reuters.com

G7 саммитінде "үлкен жетіліктің" басшылары кедей елдерге коронавирусқа қарсы вакциналардың 1 миллиард дозасын бөлу туралы шешім қабылдамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Британия үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, бұл бастама індетті 2022 жылы еңсеруге зор септігін тигізбек. Осы орайда Британия AstraZeneca вакцинасының 100 миллион дозасын ұсынады.

10 маусымда АҚШ-тың Pfizer жасап шығарған препараттың 500 миллион дозасын жүзге жуық елге тарататыны жарияланған еді. Ақ үйдің коронавирусқа қарсы әрекет жөніндегі қызметкері Джефф Зиентстің айтуынша, бұл мәселеге қатысты келіссөздер шамамен төрт аптаға созылған. Сатып алынған дозалар нақты 92 елге беріледі. Мысалы, Украинаға COVAX бағдарламасы аясында 900 мың доза жеткізілмек.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу