G7 елдері қосымша санкция арқылы Ресейге қысым көрсетпек

1012

Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО санкцияларының бесінші пакетіне кірмеді.

G7 елдері қосымша санкция арқылы Ресейге қысым көрсетпек

G7 тобының елдері қосымша шектеу шараларын енгізу арқылы Ресейге көрсетілетін қысымды күшейтпек. Бұл туралы Брюссельде НАТО-ның министрлік кездесуі аясында өткен G7 СІМ басшыларының кездесуінде қабылданған мәлімдемеде жазылған, деп хабарлайды inbsuiness.kz.

"Халықаралық серіктестермен бірлесе G7 қосымша шектеу шараларын енгізу арқылы Ресейге қысым көрсету жағын қолдайды. Біз санкциялардан жалтару немесе Ресейге басқа жолмен көмектесу әрекеттеріне жол бермеу үшін жұмыс істейміз. Біз ресейлік энергия көздеріне деген тәуелділікті азайтуды тездету үшін шара қабылдаймыз", – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО санкцияларының бесінші пакетіне кірмейтінін, бірақ ЕО-ның СІМ басшылары бұл мәселені 11 сәуірде талқылайтынын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу