G7 елдері Ресейден алмаз импортына тыйым салуы мүмкін

Ресей Федерациясының гауһар тастарды сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 4 млрд долларға бағаланады.

G7 елдері Ресейден алмаз импортына тыйым салуы мүмкін Фото: газета.ру

G7 елдері алдағы екі-үш апта ішінде Ресейде өндірілген гауһар тастарды импорттауға тыйым салмақ, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалы тасты сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. 
G7 әлі де ресейлік гауһар тастарға эмбаргоның техникалық мәліметтерін шешуі керек, содан кейін ЕО күзде санкция ережелерін әзірлейді. 

Ресей Федерациясының гауһар тастарды сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 4 млрд долларға бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу