G7 елдері Ресейден алтын импортына тыйым салмақ

626

G7 көшбасшылары (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ) Ресейден алтын әкелуге тыйым салу туралы келісімге қол қоймақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

G7 елдері Ресейден алтын импортына тыйым салмақ

Соңғы шешім G7 саммитінде қабылданады.

Саммит 26-28 маусым аралығында Баварияда Германияның төрағалығымен өтеді. Жиын барысында келіссөздер легі басталды. 28 маусым ресейлік алтын импортына тыйым салатын құжатқа қол қойылады деп күтілуде. 

Бұл шектеу қабылданған жағдайда Ресей мен Украина арасындағы геосаяси тұрақсыздық басталғаннан кейін енгізілген қолданыстағы санкцияларды толықтырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу