G7 елдері Украина экономикасына 15 млрд доллар құяды

826

Бұған дейін Еуропалық комиссия Киевке 9 миллиард еуро бөлуге уәде берген болатын.

G7 елдері Украина экономикасына 15 млрд доллар құяды

G7 елдері Украинаға Ресеймен арадағы соғыс салдарынан келген шығынды өтеу үшін 15 миллиард доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрі Джанет Йелленнің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Йелленнің айтуынша, бұл шешім G7 елдерінің қаржы министрлері мен Германияның орталық банктері басшылығының кездесуінде қабылданған. 

Бұған дейін Еуропалық комиссия Киевке 9 миллиард еуро бөлуге уәде берген болатын. Канада мен Германия да қосымша қаражат шығындауға дайын екенін мәлім етті. Кездесуде G7 қаржы ведомстволарының басшылары Ресейдің Еуропаға мұнай экспортынан түсетін табысын қысқарту тетіктерін, жаһандық инфляцияны талқылады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу