G7 елдері жалпыға ортақ экономикалық өсім туралы қарар қабылдады

1327

G7 елдері жалпыға ортақ экономикалық өсім туралы қарар қабылдады

G7 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Италияның Бари қаласында өткен кездесуде әлемдік экономиканың "инклюзивтік өсімін" қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме жүктейтін қарарды қабылдады, деп жазады "Коммерсантъ".

"Жаһандық экономика бұрынғы қалпына орала бастағанымен, өсім әлі де аз, әрі көптеген елде ЖІӨ ықтимал саннан төмен болып отыр", делінеді құжатта.

Сондай-ақ G7 қатысушы елдер "экономикалық және қаржылық ынтымақтастық жөніндегі міндеттемелерді" құптап отыр және "барлық саланы қамтитын біркелкі және тұрақты өсімге қол жеткізу үшін жалпы және жекелеген тәртіпте монетарлық саясат, бюджет қаражаттарын түгелдей пайдалануды" құп көреді, делінген.

Естеріңізге сала кетейік, PwC агенттігінің ай сайын жасалатын Әлемдік экономикаға шолуында (Global economy watch) сәуірде G7 елдерінде (АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания) экономикалық белсенділіктің тұрақты өсімі алаңдатарлық болған.  2016  жылдың төртінші тоқсанында дамыған елдердің ЖІӨ 1,7 пайызға ұлғайыпты. Оның орташажылдық қарқыны 2008-2009 жылдарғы дағдарыстан соң 1,8 пайызды құрағанын айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
#G7
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу