АҚШ пен G7 кеңесі: Ресейді айыптау, жаңа санкциялар мен гуманитарлық көмек

476

АҚШ және "Үлкен жетілік" басшылары Мәскеудің химиялық, биологиялық немесе ядролық қаруды қолдануы ауыр зардаптарға әкелетінін тілге тиек етті.

АҚШ пен G7 кеңесі: Ресейді айыптау, жаңа санкциялар мен гуманитарлық көмек

Сейсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский қонақ ретінде қатысқан виртуалды кездесуде АҚШ және "Үлкен жетілік" (G7) басшылары жазықсыз бейбіт тұрғындардың өліміне әкелген Украинаның азаматтық инфрақұрылымы мен қалаларына Ресейдің зымырандық шабуылдарын айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz “Голос Америки”-ға сілтеме жасап.

"Біз Путинді, жалпы барлық кінәлілерді жауапқа тартамыз", - делінген G7 бірлескен мәлімдемесінде.

"Үлкен жетілік" және АҚШ сонымен қатар Ресейдің Украинаның Донецк, Луганск, Запорожье мен Херсон облыстарын, сондай-ақ Қырым мен Севастопольді аннексиялау әрекетін айыптады және референдум шешімін мойындамады.

"Біз бұл заңсыз аннексияны және Ресей оны ақтау үшін жүргізген жалған референдумдарды ешқашан мойындамайтынымызды ресми түрде жариялаймыз", – делінген құжатта.

"Ресей БҰҰ Жарғысында бекітілген қағидаттарды өрескел бұзды. Ресейге Украинаның шекарасын өзгертуге ешқандай заңды негіз жоқ", – деді G7 басшылары.

АҚШ және G7 елдері Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыратындарын жеткізіп, Ресейдің химиялық, биологиялық немесе ядролық қаруды кез-келген қолдануы ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.

АҚШ және "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары сонымен бірге Беларусь билігін Ресейдің Қарулы Күштеріне Беларусь территориясын пайдалануға әрі Ресей әскери күштеріне көмек беру арқылы Ресейдің агрессивті соғысын қолдауды доғаруға шақырды.

АҚШ және G7 елдері Украинаға бұрынғыдай қаржылық, гуманитарлық, әскери, дипломатиялық әрі заңгерлік қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу