G7 Ресей мұнайының шекті бағасын белгілейді

475

Бүгін үлкен жетілікке кіретін елдердің қаржы министрлері Ресей мұнайы және мұнай өнімдерінің нарықтағы шекті бағасын белгілейді, деп хабарлады Atameken Business.

G7 Ресей мұнайының шекті бағасын белгілейді

Мақсат – қысымды күшейте түсіп, оның табысын шектеу. Осы істі жүзеге асыру механизмі желтоқсан айында дайын болады. Жетекші елдер Ресей шикізатының бағасын оны өндіру шығынынан жоғары етіп белгілеуді көздеп отыр.

Нәтижесінде әлемдік нарықта жанар-жағармай арзандайды. Дегенмен солтүстіктегі көршіміз өндіріс көлемін азайтып, тапшылық тудыруы да мүмкін. Өйткені АҚШ пен Еуропалық Одақ жариялаған эмбарго бағаның шарықтауына алып келгені белгілі.

Ресей қазір өнімін ең ірі тұтынушы Қытай мен Үндістанға тасымалдап, ұпайын түгендеп отыр. Бұл басы ғана. Шектеулер әлі толық күшіне енген жоқ. Егер шикізат тасымалына кедергі жасалса, баға тағы да аспандап кетері сөзсіз. Кремльдегі билік осы әрекетті нарық механизміне араласу деп айыптады.

Мәскеудегілердің пікірінше, бұл жағдай тепе-теңдікті бұзып, энергия ресурстарының тапшылығын тудырады. Баға түспейді, керісінше көтеріліп кетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу