G7 ресейлік гауһар тастарға қарсы санкциялар салуды жоспарлап отыр

614

"Үлкен жетілік" (G7) елдері "Алроса" компаниясы өндіретін салмағы бір караттан асатын ресейлік алмастарға қатысты санкциялар енгізуді жоспарлап отыр. 

G7 ресейлік гауһар тастарға қарсы санкциялар салуды жоспарлап отыр Фото: Finance.ua

Бұл туралы үнділік The Economic Times газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Материалда Үндістанның асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды экспорттауға жәрдемдесу кеңесінің басшысы Випул Шах ұйымның G7 елдерінің Ресей Федерациясынан ірі гауһар тастарға қарсы санкциялар енгізу жоспары туралы хабардар екендігін атап өтті.

Шах бұл санкциялардың нақты қалай салынатыны туралы білмейтінін айтты, бірақ  Үндістанның Сурат, Саураштра, Амрели мен Бхавнагар қалаларында гауһар өндірушілерді жұмыспен қамтуға шектелулердің әсер ететіні белгілі.

Шектеулер 19-21 мамыр аралығында Жапон Хиросимасында өтетін G7 мемлекет басшыларының саммитінде енгізілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу