G7 "Талибан" бойынша ортақ келісімге келді

915

Егер тәліптер халықаралық міндеттемелерді орындаса, альянс олардың билігін мойындайтынын жариялаған еді.

G7 "Талибан" бойынша ортақ келісімге келді Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) қозғалысы бойынша ортақ келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, G7 мемлекеттері "Талибанға" қатысты ортақ саясатты ұстанбақ. 
Бұған дейін G7 елдерінің көшбасшылары бейнеконференция арқылы сөйлесіп, егер тәліптер халықаралық міндеттемелерді орындаса, олардың билігін мойындайтынын жариялаған еді. Альянс елдері 31 тамызға дейін Кабулдан қауіпсіз эвакуациялау процесін "Талибанның" басты міндеті деп атап, қозғалыс өкілдерімен әрекеттесудің жол картасын бекітті.

Әзірге G7 елдерінің ешқайсысы тәліптердің билігін мойындамады. Жалпы, мұндай саяси қадам Талибанға "Үлкен жетілік" мемлекеттерінен көмек сұрауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, "Талибан" 15 тамызда Кабулды басып алып билікке келді. Президент Ашраф Ғани қызметінен тастап, БАӘ-ге қашып кетті. Қазір содырлар уақытша кеңеспен бірге жаңа үкімет құрамын жасақтап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу