Нидерландыда Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 32 елдің басшылары қатыспақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күн тәртібінде қаралатын басты тақырып – қорғаныс саласын қаржыландыруды арттыру.
НАТО елдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығынын 2035 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Алайда саммитке Жапония мен Оңтүстік Корея басшылары қатыспайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамп қатыса ма жоқ па, ол жағы белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу