Ғабдуллиннің ісі бойынша басты сот талқылауы басталды

1203

Ғабдуллиннің ісі бойынша басты сот талқылауы басталды

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллиннің соты прокурорлар мен жәбірленуші тараптың наразылығына байланысты фото, бейне және аудио жазбаларсыз өтетін болады, деп хабарлайды "Спутник Қазақстан" порталы.
Бопсалады деген айып тағылған Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллиннің сот талқылауында судья тілшілерге суретке түсіріп, аудио жазбалар жасауына рұқсат етпеді.
Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша басты тыңдау 17 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Тыңдау басталмай тұрып, сот жасауылдары телеарна тілшілеріне бірнеше мәрте барып, операторлардан шығып кетуін өтінді. Алайда тілшілер соттың ашық немесе жабық түрде өтуін судья шешеді деп мәлімдеді.
Төрағалық етуші судья Бағлан Ыдырысов тыңдау басталар сәтте тараптарға бірнеше сұрақ қойды. Прокурор соттың жабық түрде өтуін сұрады, жәбірленуші тарап та соны қолдаған.  Сотталушы Бигелді Ғабдуллин болса тілшілердің сот отырысына қатысуына қарсылық білдірмейтінін мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу