Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды

1022

Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды

Бүгін "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Зауытбек Тұрысбеков басқа қызметке ауысуына байланысты аталған қызметтен босатылды. Мұхтар Құл-Мұхаммед Зауытбек Тұрысбековке партия қатарындағы тиімді еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне табыс тіледі.

Зауытбек Қауысбекұлы аталған қызметке осы жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілін жетік меңгерген. Әр жылдары жауапты басшылық қызметтінде болды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне дейін Шымкент қаласының әкімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу