Шымкентте Орта Азиядағы теңдесі жоқ алып базар болады - Ғабидолла Әбдірахымов

1629

Шымкентте Орта Азиядағы теңдесі жоқ алып базар болады - Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкентте 2020 жылы 300 шаршы метр аумақты алатын жаңа халықаралық талаптарға сай әуежай салынатын болады. 2019 жылы темір жол вокзалына жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Екі құрылыс та шығыс стилінде салынады. Бұл туралы қала әкімі "Shymkent Development 2018" инвестициялық форумында Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Шымкент инвестициялық орталыққа айналып келеді. 117 мың гектар аумақты алып жатқан алып қалада бүгінде 1 100 000-нан астам тұрғын бар. 100 радиуста екі ірі қала болса, соның бірі Шымкент, енді бірі Ташкент. Бүгінде Республика даңғылы арқылы Ташкент бағытына шығатын бір ғана трасса болса, жуық арада Д.Қонаев даңғылы арқылы Бадам өзенінің үстімен өтетін тағы бір бағыт ашылатын болады. Ол Ташкент даңғылы деп аталмақ", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Бүгінде қалада 1 120 қоғамдық көлік бар, 28 автобус паркі жұмыс істейді. Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта автобус парктері көбейіп, қоғамдық көліктер жаңаратын болады, 4 және 6 жолақты жолдар салынбақ. 2,5 мың адам сыятын Конгресс холлдың жобасы дайын.

Ал 2020 жылы "Қырғы базар" аумағы толықтай жаңғыртудан өтпек.

"Орта Азиядағы теңдесі жоқ алып базар болады. Ескі қалашықтағы қамал шымкенттіктер үшін Римнің Колизейі сияқты! Еліміз үшін де тарихи, архитектуралық маңызы зор аумақты біз көзіміздің қарашығындай сақтаймыз. Сондай-ақ, шетелдік саяхатшыларды қызықтыра алатындай етіп туристік келбетін жақсартуға күш саламыз. Сеул қаласында болғанымда Чхонгечхон өзенінің жағалауын керемет етіп жасағанын көріп таң қалдым. Қошқар ата өзенінің бойын отбасылық демалыс саябағына айналдыру үшін жұмыстар атқарылуда", - дейді әкім.

Әкім қала құрылысына үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс айтты.

"Олардың барлығын айтып шығу мүмкін емес. Сонымен қатар, қаламызды көркейтуге атсалысқа еңбекқор шымкенттіктерге де үлкен алғысымды айтамын", - деп ырза болды қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу