Гаджетке қауіпсіздік сертификатын орнату міндетті емес

663

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Ғалымбек Тәтенов гаджеттерге арналған қауіпсіздік сертификатына қатысты мәлімдеме жасады.

Гаджетке қауіпсіздік сертификатын орнату міндетті емес

"Қауіпсіздік сертификаты нүктелі бұғаттауға тосқауыл қоюға, барлық ресурстарыңыздың өшіріліп қалмауын қамтамасыз етуге көмектеседі. Оны  гаджетіңізге орнату немесе орнатпау өз еркіңіздегі шаруа",– деді Ғалымбек Тәтенов.

Ол кибер жаттығу аяқталғанын атап өтті. 

"Біз кибер жаттығудың мәресіне жеткенін жарияладық. Қазір қолданушылар интернетті алаңсыз пайдалана алады. Ешнәрсеге сертификат қажет емес. Мен жалпы, болашақ жайлы сөз қозғап отырмын. Алдағы уақытта осындай жағдай қайталанып, қиындыққа тап болмас үшін гаджеттерге қауіпсіздік сертификатын орнатып қоюға да болады",– деді деді Ғалымбек Тәтенов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу