"Біз шынымен ғарышқа 2030 жылға дейін "Гагарин бастауынан" ұшамыз. Мүмкін одан кейін де. Қазір ол жерге қарапайым "Союз-2.1а" немесе "Союз-2.1б" негізін орнатамыз ба, әлде көптеген мамандар ұсынып отырған екі сатылы ракета бағытындағы "Союз-6" негізін орнатсақ па деген екі нұсқа бар",– деді "Роскосмос" басшысы.
Қайта жасақтау жұмыстары үш жылға жалғаспақ. Осы орайда Дмитрий Рогозин, қалай болғанда да "Союз-6" ракетасы "Назарбаев бастауынан" сыналатынын атап өтті. Ал "Союз-6" ракетасының құрастырылып жатқандығы туралы ақпараттар жуырда ғана белгілі болған.
Бұған дейін, "Гагарин бастауынан" соңғы "Союз-ФГ" ракетасы ұшты деген ақпарат тараған болатын. Кейін алаң модернизациялауға жабылды.