Гаити президенті кісі қолынан қаза тапты

648

Оның әйелі жарақат алды. 

Гаити президенті кісі қолынан қаза тапты

Белгісіз адам Гаити президенті Жовенель Моизді жеке резиденциясында атып өлтірді. Бұл туралы премьер-министр Клод Жозеф мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, бір топ адам мемлекет басшысының резиденциясына 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні шабуыл жасаған. Олардың бірі Моизге оқ атып, президент сол бойда жан тапсырған. Шабуыл жасағандардың кейбіреулері испан тілінде сөйлеген. 

Моиздің әйелі жарақат алды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу