Гаити президентіне шабуыл шасаған төрт адам өлтірілді

703

Елде соғыс жағдайы жарияланды. 

Гаити президентіне шабуыл шасаған төрт адам өлтірілді Фото: reuters.com

Гаити президенті Джовенель Моизге шабуыл жасаған төрт адам өлтіріліп, тағы екеуі ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің полиция басшысы Леон Шарльдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша,  кепілге алынған үш полиция қызметкері босатылған. 
Ел үкіметі басшысының міндетін атқарушы Клод Джозеф жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеп, халықты тыныштыққа үндеді.

Гаити президентіне оның резиденциясында 7 шілдеге қараған түні шабуыл жасалып, алған жарақаттан ол сол бойда жан тапсырған еді. Ел билігі шабуылды  қарулы шетелдіктер ұйымдастырды деген пікірде. Осы жайттан кейін Гаитиде 15 күн соғыс жағдайы енгізілді.

Ал көршілес Доминикан Республикасының билігі Гаити президентіне жеті оңтүстікамерикалық, яғни төрт колумбиялық және үш венесуэлалық қастандық жасады деп отыр.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу