Гаити президентінің өліміне байланысты ұсталғандардың саны 26-ға жетті

1032

Қатарында полиция қызметкерлері бар. 

Гаити президентінің өліміне байланысты ұсталғандардың саны 26-ға жетті Фото: reuters.com

Гаити президенті Жовенель Моиздің өліміне байланысты ұсталған адамдардың саны 26-ға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық полиция басшысы Леон Шарльдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталғаны хабарланған болатын.
Чарльз ұсталғандардың арасында полиция қызметкерлері бар екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Гаити президентінің резиденциясына шабуыл жасалып, Моиз оққа ұшқан болатын. Ауыр жарақат алған оның әйелі Мартин Моиз қазір АҚШ-тың Майами қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу