Гаити президентінің өліміне қатысы бар тағы бірнеше адам ұсталды

660

12 шілдеде операцияны ұйымдастырғаны қолға түскен еді.

Гаити президентінің өліміне қатысы бар тағы бірнеше адам ұсталды

Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың саны 23-ке жетті. Билік тағы екі адамды қамауға алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті полицияның дерегіне сілтеме жасап.

Күдіктілердің үйлерінде тінту жүргізіліп, олардың үйлерінен бірнеше қару табылды. 

12 шілдеде Гаитидің құқық қорғау органдары ел президенті Жовенель Моизді өлтіру операциясының ұйымдастырушысын құрықтаған еді. Гаити Ұлттық полициясының өкілі Леон Шарльдің айтуынша, ұсталған адам – операцияны ұйымдастырғандардың бірі, Гаити азаматы.

Гаити президентіне 7 шілдеге қараған түні шабуыл жасалып, алған жарақаттан ол сол бойда жан тапсырған еді. Осы жайттан кейін Гаитиде 15 күнге соғыс жағдайы енгізілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу