Гаитиде қарақшылар полиция мен президент сарайына шабуыл жасады

422

Қарулы топ елдегі сайлауға қарсы болып, Гаити премьер-министрі Ариэль Анридің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW сілтеме жасап.  

Гаитиде қарақшылар полиция мен президент сарайына шабуыл жасады Фото: dw.com

Гаитиде қарулы бандиттік топ үкіметтік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне, Ішкі істер министрлігі ғимаратына және ел астанасы Порт-о-Пренстегі президент сарайына шабуыл жасаған. Аталған қылмыстық әрекет жөнінде 9 наурыз күні ABC және CNN телеарналары хабар таратты. 

ABC-тің құқық қорғау органдарындағы әңгімелесушісінің айтуынша, шабуыл алдын ала жоспарланған. Үкіметтік ғимараттар мен полиция бекеттеріне бір уақытта шабуыл жасалды. Сол уақытта қала тұрғындарына атыстың дыбысы естілген.

ABC дереккөзінің мәліметінше, шабуылдаушылар олар туралы жер-жерде ақпарат жарияланған кезде кері шегінген. Алдын ала мәлімет бойынша, 10-нан астам қарақшы қаза тапқан. Полиция қызметкерлерінің қазасы туралы мәлімет жоқ.

Гаитидегі үкімет пен инфрақұрылым нысандарына бандиттік шабуылдар наурыз айының басында басталды. Елдің ең күшті топтары шабуылдар жасау үшін бірігіп кетті. Гаити премьер-министрінің міндетін атқарушы Ариэль Анри шабуылдар басталған кезде елде болмаған және қауіпсіздік үшін басқа жаққа кеткен.

Бандиттік топ қаладағы екі түрмеге де шабуыл жасап, тұтқындардың көпшілігін босатып алған. Елде төтенше жағдай және коменданттық сағат енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу