13 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазады Inbusiness.kz.
Соңғы күндері Гаитиде жиілеп кеткен су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 42 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті билік. Жергілікті құтқарушылардың айтуынша, тағы 11 адам хабар-ошарсыз кетті.
Бірнеше күн бұрын басталған жаңбыр салдарынан елдің 10 департаментінің 7-еуінде су тасқыны болып, үйлер қираған, деп хабарлайды AFP агенттігі. БҰҰ мәліметтері бойынша, 37 мың адам зардап шегіп, 13 мыңнан астамы үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Ел астанасы Порт-о-Пренс қаласынан батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Леоган қаласы ерекше зардап шекті. Онда 3 өзен арнасынан шығып, жергілікті биліктің мәліметі бойынша 20-дан астам адам қаза тапты. Қала әкімі Эрнсон Анри тұрғындар егістік алқаптары мен малдарынан айырылғанын хабарлады. Леоганда азық-түлік, су мен дәрі-дәрмек жетіспейді.