14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2248-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, табиғи апат салдарынан 12 763 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 329 адам хабар-ошарсыз кеткен. Аймақтағы 53 мыңнан астам ғимарат толығымен, 83 мыңнан астамы ішінара қирады.
14 тамызда Гаити жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Пети-Тру-де-Нип елді мекенінен солтүстікке қарай сегіз шақырым жерде, ал оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу