Гаитидегі президент сайлауы 26 қыркүйектен 7 қарашаға ауыстырылды

685

Соңғы мемлекет басшысы қаскөйлердің қолынан қаза тапқан болатын. 

Гаитидегі президент сайлауы 26 қыркүйектен 7 қарашаға ауыстырылды

Гаитидің сайлау кеңесі президенттік сайлау мерзімін 26 қыркүйектен 7 қарашаға ауыстырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Дәл сол күні Гаитиде парламенттік сайлау мен Конституцияны өзгерту туралы референдум өткізіледі. Қажет болған жағдайда саяси доданың екінші айналымы болады. 

Қазір Гаитиде президент жоқ. Соңғы мемлекет басшысы Жовенель Моиз 7 шілдеде оның резиденциясына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапты. Моиздің өлімінен кейін билік премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Джозефке берілді. Кейінірек ол "ел игілігі үшін" уақытша үкімет басшысы қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол саясаткерлер арасындағы қақтығыс саяси дағдарысты ушықтырып жіберуі мүмкін дегенді айтты. 

20 шілдеде премьер-министр лауазымына Ариэль Анри тағайындалды. 
Еске сала кетсек, Гаити президентіне 7 шілдеге қараған түні шабуыл жасалып, алған жарақаттан ол сол бойда жан тапсырған еді. Осы жайттан кейін Гаитиде 15 күнге соғыс жағдайы енгізілді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу