Гаитидегі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1297-ге жетті

773

14 тамызда елдің батыс бөлігінде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. 

Гаитидегі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1297-ге жетті

Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан қаза тапқандардың саны  1297-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz  AFP News агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі апаттан ажал құшқандар саны бірнеше мың адамға, ал зардап шеккендердің саны ондаған мыңға жетуі мүмкін деп жариялаған еді. 

14 тамызда елдің батыс бөлігінде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Көптеген ғимарат, соның ішінде шіркеулер мен қонақ үйлер қирады. Билік зілзаладан айтарлықтай шығын келгенін мәлімдеп, бір айға төтенше жағдай режимін енгізді.

Апаттың эпицентрі Сент-Луис-дю-Сюд қаласынан шамамен 10 шақырым жерде тіркелді. Дүмпулер Порт-о-Пренсте, сондай-ақ көрші мемлекеттерде де сезілген.Қазір іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.АҚШ президенті Джо Байден USAID халықаралық даму агенттігінің қатысуымен Гаитиге дереу көмек көрсетуді тапсырды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу