"Гайморит, пневмония емес": Ербаян Мұхтардың анасы дәрігерлердің диагнозымен келіспейтінін айтты

351

 Қамиева ұлының иммунитеті күшті екенін айтты. 

"Гайморит, пневмония емес": Ербаян Мұхтардың анасы дәрігерлердің диагнозымен келіспейтінін айтты Фото: Видеодан алынған кадр

13 қыркүйекте Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың жарақаты соққыдан емес, құлау салдарынан болғанын айтты. Cарбаздың анасы Гүлсім Қамиева дәрігерлердің ұлына қойған диагнозымен де келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскери бөлім бастығының айтуынша, сарбаздың ауыр халіне инфекция себеп болған. Емдеу кезінде сарбаз пневмония мен гайморитке шалдыққан.

Алайда Қамиева ұлының иммунитеті күшті екенін айтты. Сондай-ақ емделу кезінде оның жағдайы нашарлағанына сенбейтінін жеткізді. 

"Қайрат Үмбетов өз диагнозын қойды, алайда біз онымен келіспейміз. Әркімнің диагноз қоюын дұрыс деп санамаймын. Үмбетов гайморит, пневмония, өкпеде ірің болды дейді... Бірақ онымен келіспеймін. Балам әскерге дейін ауырмаған, тек аллергия болған. Қазір барлығы қалаған диагнозын қойып, ойдан шығарып жатыр", – деді сарбаздың анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу